Серікбол Сайлаубектің инстаграм парақшасынан Түркия еліне жол тартқанын байқап қалдық. Мән-жайды білу үшін арнамыздың тілшілері әншінің пиар-менеджеріне хабарласқан болатын. Сөйтсек, Серікбол мырза Анталияда достарымен қыдырып жүр екен. Бірақ, әншінің халықпен бөлісетін жаңалықтары баршылық. Түркиядан келген соң, ол бірден «Өмір-ресторан» атты әнге бейнебаян түсіреді. Әнді Сайлаубек мырза өзі, ал сөзін Бақыт Беделхан жазыпты. Айтпақшы, өнер иесі тек әнді ғана жызып қоймай, бейнеклиптің режиссері де өзі болмақ. Сондықтан, шетелге бірінші рет шыққан әнші қарбалас жұмыстың алдында дұрыстап тұрып демалуды жөн көрді.

Мүмкін, жағажайда отырып жақсы идеялар да туып қалар. Ендеше, біз әншіге шығармашылық табыс тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар