Күні кеше қобызшы, «Magic of Nomads» тобының көркемдік жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимованың «Қыз Ұзату» туындысының тұсау кесері өтті. Аталмыш композицияны Ғазиза ханымға еліміздің белгілі композиторы жазып беріпті.
Ғазиза Ғабдрахимова, қобызшы:
«Шынымен бұл шығарма «Қыз ұзату» Арман Дүйсенов маған осыдан 10 шақты жыл бұрын жазып берді. Өзіме қатты ұнайды. Енді ғана өзінің уақыты келді деп ойлаймын. Әдемі композиция болғандықтан осы туындыға жазуды жөн көрдім».


Ендеше, бейнебаянның үзіндісін тамашалаңыздар.

Аталмыш күні Ғабдрахимова ханымды қолдап келген әріптестері көп болды. Бейнеклип олардың көңілінен шыққан сияқты.

Сапалы туындыға қомақты қаражат кетпеді. Өйткені...
«Мен шынымды айтсам толықтай санаған жоқпын. Бірақ көп жерде менің жақын достарымның көмегімен өтті. Мысалы съемка өтетін жерді таныстарым берді. Режиссер өзімнің жақын құрбым, актерлар достарым».

Ғазиза ханым бейнеклиптерді сирек шығаратындардың қатарында. Өйткені, көп уақытын ол Magic of Nomad`s тобына жұмсайды.
«Енді мен көбінесе соңғы кезде Magic of Nomad`s тобымен жұмыс жасаймын. Көп концерттеріміз бар. Сондықтан, жеке жиі шықпаймын сахнаға. Бірақ анда-санда халық ұмытпасын деп осындай жеке бейнебаян түсіріп қоямын».


Әрине, алдағы уақытта да өнерпаз тыңдармандарын қуантады. Бірақ, жақын арада емес.
«Коммерциялық көзқарас жоқ. Жәй жаныма керек кезде өзім бейнебаян болмады-ау деп сағынып шығарамын. Сондықтан мен тағы бір бейнебаян шығарамын, жеке бір альбом жазамын деп айта алмаймын. Негізінен осы Magic of Nomad`s тобының жұмыстарымен айналысып жатырмын».


Ендеше, Той Думан арнасы Ғазиза Ғабдрахимованы құттықтайды. Айтпақшы, туындыны сіздер арнамыздан немесе ресми Youtube каналымыздан көре аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар