Осыдан төрт жыл бұрын отау құрған Шаба ханым мен Нұрлан мырза бүгінде өнерде де қол ұстасып жүр. Жарасымды жұп жуырда жағымды жаңалығымен бөліспек.
Нұрлан Сағынай және Шаба Әденқұл, жарасымды жұп:
«Біз 2014 бері қарай отау құрғанымызға 4 жыл болды. 4 жылдың ішінде 15 шақты ән жазылды. Сол әндердің ішінен сараптап, жақсы әндерді сол үнтаспаға кіргіземіз деп ойлаймыз».


Тіпті, жуырда олар бейнеклиптің түсіріліміне кірісуді жоспарлауда.
«Бұған дейін жазған әндерімізге бейнебаян түсірмейміз. Өйткені жаңа ән. Өзіміз сондай тақырыбын жақсы таптық деп ойлаймын. Ол құпия болып қала берсін. Шығып жатқан жағдайда міндетті түрде сіздермен бөлісетін боламыз».


Шаба ханым жары Нұрлан мырзамен ән салса да, өз шығармашылығына да көңіл бөледі.
«Ақтабан шұбырынды» кезінде бірталай қазақ жан-жаққа кетті ғой. Сол кезде Тибетке қоныс аударған қазақтардың шығарған әні «Қайран жалған» деген. Енді бұл әннің тарихы бұдан да терең болуы мүмкін. Мен бұл әнді іздегеніме қанша жыл болды. Ақыры таптым».


Аталмыш туындыны әнші жалғыз орындамайды. Алайда, бұл жолы Нұрлан мырзамен емес.
«Дәстүрлі үлгіде емес, заманауи үлгіде жасаттық. Әрі ортасына жақсы бір рэперге рэп оқытсақ деген ойымыз бар. Себебі дәстүрлі әндерді жастар көп тыңдамайтын болды. Менің мақсатым сол дәстүрлі әнді жастарға тыңдату».


«Қайран жалған» әніне Шаба ханым алдағы уақытта бейнебаян түсіреді.
«Тарихи ән болған соң, сол тарихи дәстүрдегі бейнебаян болатын шығар деп жоспарлап отырмыз. Ән толық нұсқасымен қолымызға тиген жоқ. Қалай тиеді бірден белгілі режиссерлармен сөйлесіп, сол әнді барынша жақса етіп халыққа ұсынғымыз келеді».


Ендеше, біз қос өнер иесіне шығармашылық табыс тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар