Жуырда біз Мөлдір Жаңабаева атты тілшінің Facebook желісіндегі Нұрболат Абдуллинге қатысты жағымсыз жазбасын байқап қалдық. Ол жерде Мөлдір Нұрболаттың жұлдыз ауруына шалдыққанын айтты. Нақтырақ айтсақ, тілші еліміздегі белгілі бір радиоға Абдуллинды сұхбатқа шақырған. Тез арада келісімін берген әнші, тікелей эфирге бір сағат қалған кезде өзінің директоры арқылы келмейтінін мәлімдеді. Бұл оқиға әншінің алғашқы кеші алдында орын алды. Нұрболат дәл сол күні концертке дайындалу үшін студияны арендаға алғандықтан, келе алмайтын болғанын хабарлайды. Әрине, бұл жағдай сұхбатқа ұзақ дайындалған Жаңабаеваның ызасын келтірді. Тілшінің айтуы бойынша, ол әншінің қатты өзгеріп кеткенін, оның жақын араласатын жандарынан көп естиді. Ал, сөз соңында ол «ауыл көргендер жұлдызбын деп кекірейіп, сасық көкірек болады, есімін атамай-ақ қояйын", -деді. Бұл келеңсіз жағдайдың мән-жайын білу үшін біз Абдуллиннің өзіне хабарластық. Бірақ, әнші қандай да бір пікір айтудан бас тартты. Ендеше, бұл жағдайда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін халық таразылай жатар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар