Астанада «Сырнаймен егіз сырлы әнім» атты Клара Төленбаеваның шығармашылық кеші өтті. Дәстүрлі әнші болса да, эстрада да айтқан кез-келген әні хитке айналатын Клара ханымның бұл көптен күткен концерті.
Медет Салықов, сазгер, Президент оркестрінің әншісі:
«Клара осыдан 2006 жылы алғашқы концертін берген. Содан бері бір мүшел жас болған екен. Содан кейін халыққа есеп беру концертін өткізгелі жатыр. Дайындық барысы жаман емес. Бірер сағат қалды. Қобалжу бар әрине».


Медет мырза қобалжып тұрса да, жары Клара ханым сахнада жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.

Халық әндерімен тыңдармандарының жүрегін жаулаған әнші бұл жолы басқа қырынан танылды.
Клара Төленбаева, әнші:
«Жахан Рамазан деген рэпер әнші баламенен бірігіп осы «Жанай керім» деген әнді жасадым. Енді көптеген халық әндерін орындап жүрміз қалпын бұзбай. Бірақ ортасында сол рэпер баланың речетатив өлең жолдары бар. Сондықтан енді халыққа ұсынып көреміз, бағасын халық береді».


«Алма ағашынан алыс түспейді»,-демекші, екі өнерпаздың балалары да сахнада төбе көрсетті.
«Отбасыммен айтатын бір блок бар әрине. Өйткені менің отбасымдағы балалардың барлығы өнерлі. Сондықтан отбасыммен айтатын Ақан Серінің әні және көпшілікке танымал «Аққу-арман» деген әнді тарту етемін».


Айтпақшы, «Аққу-арман» атты туындыны бұрында өнерлі отбасы төртеуі айтатын. Ал, мына концертте үйдің кенжесі Нұр-Саматтың тұсауы кесілді.
Балалары:
«Концертке бірінші рет қатысамын. Содан үлкен азамат барамын. Сол садик, аналарды дайындықтарды бітірдім. Сосын сол концертте жақсы мәнерлеп айтқанымды тілеймін».


Ендеше, 12 жылдан кейін жеке кешін өткізген Клара Төленбаеваны Той Думан арнасы құттықтайды.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар