Бүгінде қанаты қатайған Серік Ибрагимов қызу шығармашылық жұмыс үстінде. Ал, тура мына видеода әнші не істеп тұр екен? Жәй ғана жаңбырдың астында қолшатырды ұстап тұр ма әлде?

Бұл көріністі Жанболат пен Жазира түсіндіріп көрсін.
Серік Ибрагимов және Жанболат пен Жазира:
«Ал, Серік мінекей бейнебаян түсіріп жатыр. Енді сәтті болсын дейміз. Бізді таңдапты. Бұл тақырып негізі қызғаншақ туралы. «Қызғаншағым менің» деген әнге. Мен бизнесмен болып ойнаймын. Жазира Серіктің жеңгесі».


Қызғаншақтың рөлін Жанболаттың Жазирасы сомдады. Өмірде де Жазира ханым сондай ма екен, оны өздерінен білейік.
Жазира мен Жанболат, жарасымды жұп:
«Мен қызғаншақпын ба? Білмейсін ба не? Негізі бұдан да жас кезімде қызғаншақ болатынмын. Қазір кішкене азайды. Есім кірді де. Қазір керісінше Жанболат қызғаншақ».


Аталмыш туындыны сазгер 2 жыл бұрын Серікке арнайы жазыпты.
Серік Ибрагимов, әнші:
«Маған келеді деп, арнайы жазыпты. Характеріме де келетіндей қылып жазған. Осы әнді таңдадым өзіме де ұнады. Таңдау арқылы бұл жеңілтек ән деп ойлап қалу мүмкін. Бірақ негізінде үлкен мәселені қозғап кетеміз де қызғаншақтық деген».


Туынды дайын болған соң, міндетті түрде сіздер бірінші болып тамашалайсыздар. Сондықтан, арна қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар