«Шоқ қыздар» әнімен бүкіл халықты билеткен Бейбіт Қорған шығармашылығына білек сыбана кірісуде.

Бейбіт Қорған, әнші:
«Ассалаумағалейкум құрметті достар. Жаңа әндер жазылып жатыр. 10 шақты ән жазылып жатыр десем болады. Енді санынан гөрі, сапы жақсы болғанын талап етемін. Әрине сол үшін әр өлеңге біраз уақытымызды бөліп жүргендігіміз бар».

Жуырда әнші тіпті бейнебаян да түсірді. Бірақ, бұл жолы оны қыздарға емес, туған жеріне арнапты.

«Қазір жақында шыққан «Ауылым» деген әнімізге өзімнің ауылыма барып, сол жердегі табиғатты дұрыстап жеткізейік деген көңілімізбен, біздің Атырауда тау болмаса да, Жайығымыз бар деген сияқты. Сондай ниетпен түсірген бейнебаянымыз жарыққа шығады деген ойдамыз».

Әрине, көбісінің көкейінде жүрген, «Бейбіт неге көрінбей кетті?» -деген сұрақты біз де қойдық. Оған әнші былай тіл қатты.
«Кішкене өзіміздің жеке өмірлік неміз бар. Бала-шағамыз, көшіп барудың өзі оңай емес. Астанаға көшіп, сол жаққа тоқталдық. Енді шаруаларымызға кірісіп, жемісін көре жатарсыздар деген ойдамыз».

Бейбіт, бірақ басқа әншілерден қалып қойғаныңызды мойындайсыз ба?
«Кез келген әнші биікке де көтеріледі, тоқырауға түседі. Енді менің тоқыраулығым бір сұранып алған тоқыраулығым сияқты. Өйткені жеке өмірімізге, бала-шағама әке ретінде, қарапайым азамат ретінде көңіл бөлмесен, әрине олай болмайды. Тек қана жұмыс деп жүгіре беруге болмайды деп ойлаймын».

Айта кетейік, әнші осыдан 2 жыл бұрын бейнеклип түсірді. Алайда, уақыт өтсе де, ол камераның алдында өзін қалай ұстау керек екенін ұмытпады.
«Жо-жоқ ондай ыңғайсыз сезіну деген. Барлығы да үйреншікті нәрсе. Енді сахна жүргенімізге бір 20 жылдай уақыт болды. Сондықтан ойлаймын бізге ешқандай жоқ деп. Кесірі тимейді, қорқып немесе ұмытып қалып деген сияқты».

Ал, жуырда Қорған түсірілген бейнебаянның ізін суытпай басқа туындыға кіріспек.
«Енді мен ойлаймын халықтың көңілінен шығып, «Шоқ қыздар» сияқты жақсы әндеріміз тағы да бір хит болып жататын болса, соған бейнебаян түсіру деген жоспарда бар».

Ендеше «Шоқ қыздар» сияқты әнді кезіктіруіңізге тілектеспіз. Сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар