Сүйінші! Төреғали Төреәлі үшінші рет әке атанды. Жуырда Бүркіттің Аишасы көптен күткен қызды дүниеге алып келсе, Төреғалидің жары Толқын да «кесте тігер» бүлдіршінді сыйлады. Жаңа туған нәрестенің бойы 50-см-ге сай болса, салмағы 2 кг 800 гр. болып дүние есігін ашты. Оның атын Төреәлі мырзаның кенже қызы Дина қойыпты. Әпкесі сіңлісіне Фатима есімін таңдаған. Айтпақшы, Төреш енді үш қыздың әкесі. Қаншама сынға іліксе де, халықтың ықыласын өзіне қарата білген әншінің инстаграм парақшасы құттықтауларға толып жатыр. Ұлы дала баласының әріптестері де жылы лебіздерін білдіруде. Ендеше, Той Думан арнасы да Төреғалиді құттықтайды. Фатиманың бауы берік болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар