«Арай» тобы неге тарап кетті? Орталарынан қара мысық өтіпті деген сыбыстар осыдан бір жыл бұрын жұртты таңқалдырды. Алайда, уақыт өтті. Бүгінде әр қайссысы жеке шығармашылығымен айналысуда. Ал, кейде бір сахнада да кездесіп тұрады. Бірақ, Рысбек бірден жұмысқа кірісіп кетсе. Медет уақытты созып жүрді.
Медет Көжекбаев, әнші:
«Ізденіс үстінде болдым деп айтуға болады. Екінші жағынан реті келмеді білмеймін былай да көрдім, былай да. Әр нәрсенің уақыты болады деген сияқты. Сол қазіргі сәтке келіп тұр бұйыртса».


Иә, сол уақыт келді. Міне, әнші алғашқы жеке бейнебаянын Алматы қаласында түсірді.
«Нұрлан Мұсабеков деген бауырымыздың әні. Сөзді Ринат Заитов жазған. «Махаббат керек» деген ән. Махаббат тақырыбында. Адамға болсын, балаға, табиғатқа, Аллаға болсын. Махаббат керек қой».


Көп уақыт бойы камераның алдында жұмыс істемеген Көжекбаев түсірілім алаңында қиындықтарға тап болды.
«Ондай болды. Камерадан қорыққан жоқпын. Мимика жағынан болсын, өзім байқадым да шығып қалғанымды. 1 жыл клипқа түспегеннен кейін шығып қалады екенсін»


Әншінің жоспарында гастрольдік сапар да бар. Оны Медет туған жері Жезқазғаннан бастамақ.
«Жеткіліктілеу енді, «Арай» тобының да әндері бар. Бірақ енді күзге таман деп отырмын. Негізі сәуір, мамыр айларыда беремін деп ойладым. Бірақ енді уақыт жетеді, әндер дайын болмады. Бейнебаянның да уақыты созылды. Сол себепті күзге қойып отырмын».


Жоспар құрып қойған өнерпаз адам жиналмай қалады деген қорқынышпен жүр.
«Ондай қорқыныш бар әрине. Мен 100 пайыз жұмыс жасадым деп айта алмаймын. Әлі бейнебаян шығады. Одан кейін де шамалы. Көре жатармын халықтың көзқарасын әнге, маған деген. Қазір бірақ қорқыныш бар жиналмай қалс ане болады екен деген».


Айтпақшы, Сәкен Майғазиевтің кешінде Медет пен Рысбек бірге ән салды. Тіпті, сұхбаттарында алдағы уақытта дуэт болып шығып қалуымыз әбден мүмкін деген. Алайда, нәтиже жоқ. Бұны әншінің өзі түсіндіріп өтсін.
«Мен жеке шығармашылығымды енді бастап жатырмын. Болады ғой енді кейде жеке халық қабылдамайды. Себептер болып қалу мүмкін. Сол кезде қосылмасақ, қазір ондай әңгіме жоқ. Болашақта қосылуымыз мүмкін. Қазір екеуміз де жеке шығармашылығымызға күшімізді салып жатырмыз».


Ендеше, нәтижесін көре жатармыз. Сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар