Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Қазіргі таңда Данияр өзінің кәсіби рингтегі алғаш жекпе-жегіне дайындалуда. Айтпақшы, отандасымыздың қарсыласы да анықталды. Ол америкалық Ноа Кидд. Кидд екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші айқасын тең аяқтаған. Екеуінің кездесуі Бруклинде 28 сәуірде өтеді. Айта кетейік, Елеусінов – Кидд арасындағы айқас алты раундқа есептелген. Ендеше, Даниярға Той Думан арнасы сәттілік тілейді. Жеңіспен оралуыңызға тілектеспіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар