Ақ халатты жандарға әнін арнаған Заир Бегалы одан кейін үнсіз қалды. Сөйтсек, әнші тыңдармандарын жаңа туындысымен қуантқалы жүр екен.
Заир Бегалы, әнші:
«Шаба деген әнші қыздарыңыз «Көктем түні» деген ән берген. Махаббат жайлы, өте керемет көңіл-күй сыйлайтын. Сол әнді қазір өндеу үстіндеміз. Жаздың керемет мезгілінде барлығы көгеріп, жеміс-жидек піскен кезде, керемет клип түсірсек деген жоспардамыз».


Әрине, махаббат тақырыбын қозғаған әндердің көбісі баяу әрі мұңды. Бірақ, Заирдың туындысы бұл тізімге кірмейді.
«Көбісі махаббат жайлы бір-бірімен қосылмай қалған нәрселер жасап жатады ғой. Ол емес. Бұл әннің тақырыбы, сөзі екі жастың бақытты күндерін көрсету».


Бейнебаянда да Бегалы ғашықтарды айырмайды.
«Алдында ол трэкпен түскен. Ал, қазір енді сюжетпен болады. Махаббатарының бақытты күндері, бір-біріне махаббаттарын білдіріп, рахмет айтып жүрген бақытты күндерін көрсетеміз».


Махаббат тақырыбы Заирдың тек шығармашылығында. Жеке өмірде оның сүйктісі жоқ.
«Мүмкін көңіл-бөлмей жүрген шығармын, жақсы қыздар табылмай жатыр. Жақсы қыздар дайын болса, әрине үйленуге дайынбыз. Бірақ, қазір көбінесе шығармашылыққа көңіл бөліп жатырмын».


Сондықтан, әншінің нәзік жандыларға айтатыны бар.
«Құрметті қыздар, мен өзіме керемет сымбатты жар іздеймін. Жас аралығы 20-дан басталса, керемет жақсы қыздар болса, келін боламын дейтін болса, хабарласыңыздар».


Ендеше, арулардың құлақтарына алтын сырға. Мүмкін келесі бейнебаянына сіз түсіп қаларсыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар