Күні кеше Алматы қаласының бір мейрамханасында әншілердің басы қосылды. Ән айтып, халықпен би билеген өнерпаздар күндерін жақсы өткізген сияқты.

Ал, оған себепші болған Шахизада ханым. Нақтырақ айтсақ, ол екі қоянды бір оқпен атып, екі қуанышын біріктіріп тойлады.
Шахизада, әнші:
«Мен әрдайым бірденке жасайтын болсам, біріктіріп жасаймын. Жасамасам жасамаймын. Сондықтан, туған күнім қарсына Әлиқожамның тұсауын кестім. Сосын негізі туған күнім 12-ден кейін».


Ал, тойдың басты қонағы міне Әлиқожаның өзі.

Бүлдіршіннің тұсауын әншінің жақын досы, әрі ұлының өкіл әкесі кессе, есімді аталары қойыпты.
Ұлы мен келіні:
«Әлиқожа деп 2 атасы қойды. Нағашы атасымен, өзінің атасы. Бірі Әли, бірі Қожа деді. Сонымен Әлиқожа болды аты».


Байқасыңыздар, қыздар қауымы ақ киімдерімен ерекшеленіп жүр. Бұл тойдың басты дресс-коды екен.
«Ақ дастархан деп бекер айтпайды ғой. Дастарханымыз жайыла берсін деген ақ ниетпен ойлағанмын. Сондықтан, барлығы ақ түс киіп келіп жатыр».


Тойдың боларынан боладысы қызық демекші, Шахизада ханым дайындалып жүріп біршама салмақ тастапты.
«Егер той, концертке дайындалатын болсам, міндетті түрде арықтау керек. Өйткені әдемі киім тігу, әдемі қонақтарды қарсылап алу. Сондықтан, 5 кг тастадым».

Бақыт ханым әріптесіне мәңгілік сұлулық тілесе, Мақпал ханым ішкі сұлулық үшін оны бағалайды екен.
Мақпал Жүнісова, әнші:
«Оның ішкі сұлулығын өзім бағалаймын. Адамгршілігін. Барлығымыз әдемі киініп, барлығымызды тақсақ әдемі боламыз. Ішкі дүние әдемі болып қалу беріле бермейді. Ал, Шахизадаға ол берілген».


Әрине, аталмыш күні әншінің қолы гүл шоқтарға, ақшаға және де басқа сыйлықтарға толы болды. Бірақ, Шахизада ханым өзіне де тосын-сый жасады.
«Қосымша кәсіп ашып жатырмын ғой. Плэйстэйшн кафе ашып жатырмын. Балаларға инвестор болып. Ол да менің туған күніме өзіме өзім подарок жасап жатырғандай болып отырмын шын айтқанда».


Ендеше, біз Байпатшановтар отбасын құттықтаймыз. Шаңырақтарыңыз тек қуанышқа толы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар