Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова талай жыл тыңдармандарымен мұңы, сыры әрі қуанышымен бөлісіп келе жатыр. Әрине, халық оны жақсы көреді. Сондықтан, әнші де барын салып, міне ауыл-аймақтардағы көрермендеріне жол тартпақ.
Мақпал Жүнісова, әнші:
«Гастрольдік сапарларда сол жалғасып жатыр. Майдың 7-8-і Иссық қаласы, Шелек ауданы. Ауылдарға барып жатырмыз. Одан кейін майдың 21-нен бастап Оралға кетеміз 25-не дейін».

Мақпал ханым батысқа құр қол бара жатқан жоқ.
«Бәленбай жылдар жазылып кеткен әндер ол телевизорға түсіруге уақыт жоқ. Бірақ, ол міндетті түрде алтын қорға кіріп жатыр. Дискке кіретіндер кіреді, кірмегендер кірмейді. Жаңадан диск шығады. Алла қаласа мынау Оралға жаңа дискілерімді алып барайын деп жатырмын».

Мақпал ханым бейнебаяндарды сирек шығарады. Алайда, оны ешкім ұмытпайды. Сөйтсек, әнші камераны ұнатпайды екен.
«Мен камераны онша ұнатпаймын. Өйткені мені сіздер қалай түсіресіздер, сахнада өзіме ұнамаймын. Менің көрермендерім базарға барсам, магазинге, маған қарап таңқалады. Сіз өмірде әдемі кішкентайсыз, телевизорда жарылайын деп тұрасыз ғой дейді».

Барлығы Мақпал Жүнісованың әдемілігіне әлі де тамсанып жүрсе, әнші өзін сұлулардың қатарына қоймайды екен.
«Мен қатты сұлумын деп айта алмаймын. Біреу мені сұлу деп жатады. Бірақ, мен айнаға қарай алатын адаммын. Мен өте әдемі қыздарды білемін».

Көбінесе әншілердің мәселесі қаржыға тірелсе, Мақпал ханым өз ісінің шеберін таба алмай жүр.
«Менің әдемі бет-бейнемді түсіріп беретін адам болса, мен ақшаны аямайтын едім».
Жарайды, түсіндік. Құпия болмаса, бейнебаяндардың ішінен қайссысы көңіліңізден шыққан жоқ?
«Кенжебекпен түсірген бейнебаян маған ұнаған жоқ».

Ендеше, режиссерлардың құлақтарына алтын сырға. Мүмкін, сіздің жұмысыңыз Мақпал Жүнісоваға ұнап қалар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар