Жуырда Сәкен Майғазиев дүркіретіп «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты шығармашылық кешін өткізді. Сөз еткендей, әнші енді еліміздің басқа да қалаларында сол кешті қоймақ. 10 мамырдан бастап ол Петропавлға, содан соң 10-ға жуық қала мен облыстарда ән кешін өткізеді. Айта кетейік, Алатаудың бөктерінде өткен концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сәкен мырзаның ізін басқан Төреғали Төреәлі де ән сапарда. Ол бүгінде Оңтүстік Қазақстанды аралауды жоспарлап жүр. 1 мамырдан бастап ерке бала Шымкент, Тараз, Қызылордада болады. Ал, қыздар қауымының арасынан жақында бастық атанған Мөлдір Әуелбекова шығарамшылығына білек сыбана кірісті. Ол өзі жетекшілік еткен «Назар» тобымен еліміздің оңтүстік өңірлеріне 8 мамырдан бастап жол тартады. Ендеше, кештерден қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар