Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Қарсыласы Ноа Кидпен отандасымыз Нью-Йорктегі Ваrclays аренасында жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Алайда, Елеусінов қарсыласын 3 раундта нокаутқа жіберді. Айта кетейік, бұл Ноа Кидтың кәсіпқой бокстағы мансабында бірінші жеңілісі. Ал, Данияр үшін алғашқы қадамы сәтті басталды. Ендеше, біз Дарияр Елеусіновті құттықтаймыз. Жеңістеріңіз көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар