Үйленген соң сахнаға қол ұстасып шыққан Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева бүгінде эстрададағы жарасымды жұптардың бірі. Міне, олардың отау құрғандарына да 10 жыл болыпты.
Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева, жарасымды жұп:
«Дана екеуміздің үйленгенімізге 10 жыл. Бүгін бірінші жаңалығым. Данаға гүл сыйладым. Махаббатымыз баянды болсын деп».


Жұптың шығармашылығында да жаңалықтары бар. Аруларды ұзатып жүрген Дана ханым, енді келіндерге ән арнады.
«Шын айтқанда, жаңалығымыз өте көп. Былтыр «Қызға тілек» деген әнімізге бейнебаян түсіріп, біраз қызды ұзатсақ, биыл мінекей «Келінге өсиет» деген әнімізге жаңа ән пайда болып жатыр. Бұйырса соған бейнебаян түсірейік деп жатырмыз».


Олардың жаңа әндері баршылық. Бірақ та, көбісі сол қуаныштарға арналған.
«Және де былтыр ұзатылған қыздарымыз балалы болып жатыр. Солардың сұрауымен «Тұсау кесер» деген ән пайда болды. Балалардың тұсауын кесіп жатырмыз. Одан кейін, «Тойбастар» деген ән жаздық. В общем, тойға жұмыс жасап жатырмыз».


Сонда, бұл тек ақша табудың амалы ма, Дана ханым?
«Ақша табудың амалы деп айта алмаймын. Бұл қазақтың дәстүрін дәріптеу. Себебі келін түскен кезде қандай заңдылықтар бар, беташары бар, кімге сәлем салу керек. Нң бірінші ата-енесіне, қайындарына, бүкіл қайын жұрттың барлығына сәлем салу керек қой. Сонын өзінің заңдылықтары бар. Оны көп келіндер біле бермейді».


Келіндерге өсиет айтқан Маханбаева ханым да біреуді келіні. Әнші өзінің талаптарын қалай атқарады екен, оны жарынан сұрап көрейік.
«Атқарады, атқарады. Атқаруға тырысады. Енді біздің Қытайға барғанда бүкіл туыстарыма сәлем салады әлі де. Енді қазір енді әнші келін болғаннан кейін, барлығы сыйлайды ғой».


Байқасаңыздар, туындылардың көбісі Дана ханым жалғыз орындап жүр. Бірақ, уайымдамаңыздар. Жуырда өнерлі отбасы бірге бейнеклип түсіреді.
«Келінге өсиеттен» кейін. Ән бар. Бірақ, бізге қазір нақты қандай ән халыққа керек, соған қарай жұмыс жасап жатырмыз».


Ендеше, Той Думан арнасы сіздерге тек сәттілік тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар