Ұлттық музыкамызды насихаттап, әлемге таныстырып жүрген Хассақ этно-фольклорлық ансамблінде жаңалықтары өте көп. Оның бірі – топтың құрамымен байланысты.


Хассақ этно-фольклорлық ансамблі:
«Өздеріңіз байқағандарыңыздай, топта өзгерістер бар. Қызымыз Мүсрепова Жадыра кішкентайлы болып декреттік демалыста жүр. Орнына өзінің шәкірті Қанатбек Арай деген қызымыз келді. 5 аспап музыкант, жетігенші».

Ендеше, таныс болыңыздар.
«Мүсрепова Жадыра менің мұғалімім. Мен өзім Т. Жүргенова атындағы академиясында білім алып жатырмын. Жақында Хассақпен Қытайға барып келдім. Мен Жадыра апайымның орнын басуға тырысамын. Тез арада ол кісі оралады деп ойлаймын».


Мхм, сонда Жадыра оралса, Арай орнын босатып береді ме?
«Хассақ құрылғаннан бастап Жадыра мен Мөлдір бар. Сол себепті олардың орны ерекше. Орын солардыкі. Дегенмен, отағалары шешеді әрине».


Отағасы шешетін болса, Жадыраның жан-жары, «Тұрандық» Серік Нұрмолдаевтан сұрастырайық.
Серік Нұрмолдаев, «Тұран» тобының мүше:
«Кішкентайлы болдық. Жадыра әрине қайтып келеді. Ол шығармашылық адам болғандықтан мен оны жақсы түсінемін. Себебі шығармашылықсыз шығармашылықта жүрген адамға өте қиын».


Айтпақшы, топтағы екінші ару да, нақтырақ айтсақ Мөлдір жуырда ұзатылып, келін болып жатыр. Ең қызығы, ол сүйіктісін алыстан іздемеген.
«Хассаққа келгелі бері осы бір жарым жыл болды. Бірінші күннен бастап Мөлдір екеуміз бір-бірімізді ұната бастадық. 1 жылдай жүрдік, сосын үйленуге шешім қабылдадық. 1 ай бұрын екеуміз отау құрдық».


Сонда, жуырда топтың құрамында қайтадан өзгерістер болып қалуы әбден мүмкін секілді, иә Мөлдір?
«Біз қыздар орнымызды уақытша басатын шәкіртіміз болады. Оны жұмыс барысында тәрбиелеп отырамыз. Кейінгі әр-түрлі жағдайда біз демалысқа кетсек, олар орнымызды уақытша басады. Кейін біз қайтып келеміз».


Бірақ, осы бестікпен олар бейнебаян түсіріп үлгерді.
«Осы сәуір айында Құрманғазы атамызға арналған біздің жаңа екенші альбомымызда «Құрманғазы» атты туындымызға бейнебаян түсірген болатынбыз. Осы мамыр айының ортасында шығады деген үміттеміз».


Айта кетейік, Хассақ тобы жиі-жиі шетелден шақыртулар алып тұрады. Бұл жолы олар Қытайға аттанбақ.
«12-13 мамыр күндері Қытайда екі күндік үлкен фестиваль болады. Сол жерде 4 концерт бермекшіміз. Және осы Қазақстан қалалары бойынша концерттеріміз белгіленіп тұр».

Иә, қуаныштарыңыз өте көп екен. Ендеше, кез келген бастамаларыңызға Той Думан арнасы сәттілік тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар