Продюсерімен жұмысты тоқтатса да, Серік Ибрагимов басқа әншілерден қалысып қалған жоқ. Міне, ол жуырда тағы бір туындысының тұсауын кеспек.
Серік Ибрагимов, әнші:
«Қызғаншағым менің» атты әнге бейнебаян түсірген болатынбыз, сол жарыққа шығады. Және әннің авторы Ерболат Әділов, сөзін жазған Ерболат Қарақойшыға алғысымды білдіремін. Бейнебаян енді көңілдеріңізден шығады деген ойдамын, құрметті көрермен».


Ал, бір аптадан соң, Серік гастрольік сапарға шықпақ.
«Әнсапар, осы гастрольдік тур басталды. 11 мамырдан 18 мамырға дейін жалғасын таппақ. Ақтөбе облысында болады. 18-не дейін аудандарды аралаймыз. Ал, 18-де қаланың өзінде болады».


Оразадан кейін де ол басқа өңірлерді концертттік бағдарламамен араламақ. Аталмыш әнсапар Ибрагимовтың алғашқы шығармашылық кешіне дайындық екен.
«Иә, міндетті түрде үлкен концерт 5 жылдық. 5 жылда не істегенім туралы есеп беру дейміз ғой енді».


Әрине, өнерпаздардың көбісі 3000 мың халықтың алдында жанды дауыста 2 сағат ән айтуға сескенеді. Бірақ, Серік оған дайынмын дейді.
«Сол жанды дауыста концерт беруге дайындалып жатырмыз. Мен негізі дайынмын. Бірақ мен қалағанымдай дүние жасау үшін біраз уақыт керек болып тұр. Сондықтан, дайындыққа көп көңіл бөліп жатырмыз».


«Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовтің араларынан қара мысық өтіп кетіпті»,- деген өсек ел арасында өріп жүр. Алайда, бұл жалған дейді Серік.
«Ол кісімен міндетті түрде ақылдасамын. Және де кеңесін сұраймын. Ол кісі төрде отырады деген ойдамын. Және енді ол кісі мен төрде отырмаймын, мен сенің концертінді өзім жасаймын десе де қарсы емеспін. Әлі ақылдасқан жоқпын. Бірақ ақылдаса келе барлығын шешеміз деп ойлаймын».


Әрине, әншілер концертте көрермендерін таңқалдыру үшін барын салады. Кейбіреулері тіпті отбасымен шығып жатады. Бірақ, бұл әдісті Серік қолданбайтын сияқты.
«Жұбайым менің ән айтпайды. Кішкентайды ұйқтатар кезде әнді жібереді. Кезінде биге қатысқан. Бірақ биші емес, тіл маманы. Сондықтан, бір үйден бір өнерпаз жетеді дедік қой».


Мүмкін ол да дұрыс шығар. Әйтеуір, шығармашылық кешіңіз ойдағыдай өтеді деп сенеміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар