Осыдан бір апта бұрын Той Думан арнасының қоржыны мына бейнебаянмен толықты.

Бұл Азамат Әшіров. Әнші алғашқы туындысында Нұрболат Абдуллиннің «Сен қорқақсың» әніне жауап қатты.
Азамат Әшіров, әнші:
«Нұрболат Абдуллиннің сен қорқақсың бейнебаянын тамашалап жүрміз бәріміз. Негізінде енді хит ән. Сол әнге жауап ретінде жазу ойға келді. Сол себепті осы бейнебаянды түсіру ойға келді. «Қорықпайды ол сенен қорықпайды, Сенімен бәрібір енді ол жолықпайды»-деген сөздерімен».


Бәлкім, Азамат тез танылуды ойласа керек. Жарайды, уақыт көрсете жатар. Ал, әңгімеңді баста.
«Өнерден әркімнің-ақ бар таласы дейді ғой. Алдында сахнаға еш жерге шықпағанмын. Өлең айтпағанмын. Бақ сынап көрейік деп келіп жатырмыз».


Бақ сынағысы келіп жүрген жігіттің продюсері жоқ. Бірақ, музыкалық продюсері бар.
Қазіргі таңда продюсерім жоқ. Музыкалық продюсерім бар Жолдасбек Абдиханов. Сол кісімен тығыз байланыстамыз.


Жолдасбек Абдиханов Қайрат Нұртас, Төреғали сынды өнер жұлдыздарына ән жазып жүрген композитор. Оның әндері бүгінде хит. Сондықтанда, туындылары қымбат. Оған ақшаң жете ма?
«Қазіргі таңда жеке кәсіпкермін. Негізі өлеңге жастайымнан қызығамын».


Ендеше, қымбат әндерге ақшаңыз табылса, сапалы дүниелер күтеміз. Ал, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар