Сүйінші! Танымал актер Рахман Омардың отбасында үлкен қуаныш. Оның жары Ақмарал Дайрабаева шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келді. Қос өнер иесінің Ғажайып және Абдрахман есімді балалары бар. Ал, жаңа туған нәрестенің аты әлі қойылмаған. Бірақ, әкесі қоятыны анық. Айтпақшы, бұл өнер ордасындағы жалғыз қуанышты хабар емес. Бақытты әкелердің тізімін әзілкеш Еркебұлан Мырзабек толтыруда. Айтулы мерекенің қарсаңында Мырзабектер отбасында батыр дүниеге келді. Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Ақеркемен 2016 жылы отау құрған болатын. Қуанышында шегі жоқ әзілқой жігіт бүгінде жарының қасында емес. Өйткені, ол шығармашылық жұмыстарымен Ресейде жүр. Сөйтсе де, Ақерке дәстүр бойынша енесінің қолында. Иә, иә Мырзабектер отбасы Алматының тұрғындары болса да, тұнғыштары Еркебұланның туған жері Шымкентте дүниеге келгенін қалады. Ендеше, біз екі отбасын да құттықтап, үлкен азамат болуын тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар