Бүгінде кімде бейнебаян көп, сол бай болып есептеледі. Бірақ, кезінде бейнеклипсіз де аға-буын әншілер танымалдыққа ие болған. Нақтырақ айтсақ, Досымжан Таңатаров. Мысалы, мына туындыны әнші осыдан 3 жыл бұрын түсірген.

Бұл мәселені біз әншінің өзінен сұрастырғанды жөн көрдік.
Досымжан Таңатаров, әнші:
«Ол қаражатқа, идеяның жоқтығына байланысты емес».


Онда неге байланысты, Досымжан мырза?
«Енді біреулер үшін өте қажет шығар. Мен үшін тіптен осы жанталасып бейнебаян керек деген ойдан аулақпын. Шынымен ән сұрап жатса түсіремін. Ал, болмаса ән бейнебаянсыз да біздің ауызымыздан тарап кетіп жатыр ғой».


Бейнебаян сирек түсірсе де, сахнадан әнші жиі көрінеді.
«Сахнада жұргеніме 20 жыл болған екен. Мен 97-98-ден бастап осы үлкен творчестволық ізденіске түстім. Үлкен сахнадағы ән-жырымды бастаған кезім болды. Соған байланысты концерт берсем бе жоқ әлде басқа форматта дүнием ұсынамын ба, оны алдағы уақытта көреміз».


Иә, жуырдаТаңатаров мырза есеп беру кешін өткізбек.
«Бірақ көктем емес, күзге қалды. Өйткені, біріншіден үлгере алмадым. Екіншіден, жұмыс бабымен концерт беретіндей мүмкіндік болмады. Гастрольдік сапар көбейіп кетті».


Әрине, 20 жылдың ішінде талай қызықтар болды. Оның бірі –мынау.
«Мен ән айтпай жүре алмайды екенмін. Тіпті, қасымдағы адамдарды байқамай қалады екенмін. Мені өнерден алып кету үшін басқа мамандыққа оқытқан. Менің оқыған мамандығым инженер-технолог, химик. Бірақ, мен өз жолымды таптым, өнерге келдім».


Талай жыл өнерде жүрсе де, әнші кәсіпкер болып кеткен жоқ өзгелер секілді.
«Басқа кәсібім мемлекеттік қызметкермін. Осы өнер саласындамын. Сондықтан, басқа бір кәсіп айналдырып жатқан ештенкем жоқ».


Ендеше, әншінің жақсы жаңалығын күтіңіздер. Сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар