Көптен бері Ақылбек Жеменей көрінбей кетті. Тойға шықса да, әнші сол баяғы «Қызыл өрігімен» жұртты билетіп жүр. Бірде аяғын сындырып, сахнаға шықпай жүрсе, енді міне әнші күш-жігерін жинап шығармашылығына кірісуде. Оған себеп болған-әрине сүйікті тыңдармандары. Ал, жуырда Ақылбек мырза мынадай пост жариялады. Әншінің ұялы телефонына өнерін бағалайтын жандардан хат келіпті. Жылы сөздеріне тәнті болған Ақылбек мырза оған инстаграм желісі арқылы жауап қатты. Нағыз жанашырларының құрметіне енді ол екі жаңа әннің тұсауын кеспек. «Не хабар» және «Тәубе» деген. Мүмкін, алдағы уақытта бейнеклип те түсіріп қалар. Оны көре жатармыз. Ендеше, күтейік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар