«Сен келін болсаң инабатты», «Супер келіншек» атты туындыларымен халықтың жүрегін жаулап алған Шімән апа міне үшінші бейнеклиптің түсіріліміне кірісті.
Шімән апа құрбыларымен:
«Бүгін мынау Шімән бейнебаян түсіріп жатыр «Ырымдар» деген әнге. Құрбыларымның барлығын жинап алып бейнебаян түсіріп жатырмын. Қалай қызық болып жатыр ма? Қызық болып жатыр. Бұдан артық қызық болады ма?».


Аталмыш туындада Шімән апа қазақтың ырымдарын насихаттады.
Шімән апа:
«Қызың арын, сыйын, қыздың жолы қиын, қырық үйден тыйым, бос бесікті тербетпе, бойжеткендер кәрі жілікті ұстамандар. Сондай қазақтың салт-дәстүрі, ырымы бар ғой. Соған арналып жазылған ән».


Әнді сазгер Марат Балмырза жазды. Оның алдында Марат мырза әншіге «Күйеу бала» атты туындысын да сыйға тартқан болатын.
Марат Балмырза, сазгер:
«Өзім ұсынған болатынмын осы тақырыпты. Ырымдар жөнінде болсын деп. Босағада тұрма, бос бесікті тербетпе деген сияқты. Әуенің де, кілт сөздерді де Ерекенге бердім ұсынып. Толықтап жазған Құрманай Бақтиырқызы мен Бақытжан Қасымов».


Айтпақшы, түсірілім алаңында біз «Диета. Кз» тобының мүшесін Жасұлан Базарбаевты да байқап қалдық.
Жасұлан Базарбаев, әнші:
«Ерболаттың орны ерекше. Бір ауыз сөзін тастамай, апамның бейнебаянына келіп отырған жәйым бар. Баяғы бала күндегідей арқаңызға мінейін бе? Бұрын мінетін едім ғой. -Омыртқамды сындарын құрғыр. Бұрын сенің салмағын аз болды ғой. Қазір сенікіне түйе де жетпейді-ау».


Шімән апанң құрбылары да бұл әнге тәнті болды.
Раушан апа:
«Мен Шімән апаның подружкасымын. Мынау клипінің, өлеңінің мағынасы керемет. Сөзінің мағынасын тыңдаңыздаршы. Жастар, үлкен кісілерді сыйландар дегені қандай керемет».


Қазақ халқы ырымшыл емес пе? Сондықтан, бейнебаян жарыққа шыққан соң, бағасын беруді ұмытпаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар