«Өнерлі адам өрге жүзер»,- демекші «Асыл» тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай соған дәлел. Өйткені, бүгін Ақерке тек әнші ғана емес, актриса ретінде де танылған. Ақерке жуырда кастингтан өтіп, бірден екі телехикаяның түсіріліміне кірісіп кетті. Бүгінде ол «Отыңды өшірме» және «Ғашықтар» атты туындылардың басты кеіпкерлердің бірін сомдап жатыр. Айта кетейік, «Отыңды» өшірме атты отбасылық құндылықты суреттейтін телехикая Алматыда, осыдан 1 апта бұрын түсірліп бастады. Ал, махаббат тақырыбындағы туындының түсірлімі бүгін, Астана қаласында басталды. Ақеркенің айтуы бойынша, бұл әншілігіне кедергі етпейді. Керісінше, толық метрлі кинода басты кейіпкерді сомдау арманына жеткізеді деген ойда. Ендеше, сәттілік тілеп қояйық.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар