Күз айында «Алашұлы» тобы алғашқы рет жаңа құраммен шығармашылық кешін өткізді. Енді міне, олар астаналықтармен жүздеспек.
Алашұлы тобы:
«Биылғы 2018 үлкен жаңалығы Астана қаласындағы екінші үлкен концертімізді берейін деп жатырмыз. Тамыз айының 29 жұлдызында. Ол да үлкен қазақша шоу ретінде жоспарлануда. Үлкен дуэттер болады, белгілі Ұлытау тобымен, Тұран тобы болады. Басқа да өнерде жүрген әріптестеріміз келіп қалуы мүмкін».


Ал, кештің алдында Алашұлы жаңа бейнебаяндарымен жұртты қуантпақ.
«2018 жыл жаман басталған жоқ. Жаңа-жаңа 4-5 әнмен басталды. Солардың 3-не бейнебаян түсіру жоспарланып, қатты дайындық жүргізіліп жатқан жәй бар».


Бейнеклиптің біреуі- «Гүл-Астана» елордамыздың 20 жылдығына орай жоспарлануда. Ал, қалғандары туралы жігіттердің өзінен сұрастырайық.
«Ауылбай» және «Алға» деген әндеріміз бар. Сол әндерге бейнебаян түсіру жоспарлануда. Өте ерекше, өте стильді болады деп күтілуде».


«Жігітке жеті өнер де аз»,- деген мақал осы топқа тікелей байланысты сияқты.
«Алашұлында негізі жаңалық көп. Соның бірегейі, тобымыздың кенжетайы Ерзат Рамазанов деген бауырымыз міне белгілі бір үлкен арнаның, үлкен сериалдарының бірінде басты рөлді сомдап жатыр. Осы жылы Ерзатты керемет актер ретінде танитын боласыздар».


Топтың кенжетайы ғана актер емес. Мақсат та өнерін театр сахнасында шыңдап жүр.
«Өзі біздің Макс негізі актер ғой. Сондықтан да, актерлығын шыңдап, үлкен бір спектакльде басты рөлді сомдап, соған дайындық үстінде».


Әзімбектің де бөлісер жаңалықтары баршылық.
«Біз үшеуміз де актер мамандығын бітірдік. Мен де биылғы жылдың ең үздік тарихи фильмге, Ақан Сатаев ағамыз бастаған «Томирис» фильмдегі бір кейіпкердің образын сомдап жатырмын. Өкінішке орай басынан аяғына дейін емес. Бірақ, киноның ең үлкен сахнасында, үлкен бір образды сомдаймын».


Ендеше, әншілікпен актрелықты бірге алып жүрген топқа Той Думан арнасы шығармашылық табыстар тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар