Бүгінде жас әрі талабы мол әншілердің қатарына Қуандық Рахымды қоспасақ болмайды. Өйткені, әнші ә дегеннен ақ, туындылары хитке айналып, 1 жылдың ішінде өзінің тыңдарманын тапты. Міне, желтоқсанның қақаған қысында Қуандық әдемі әндерімен жүректерді жылытып, Республика сарайында алғашқы кешін өткізді. Кеше ғана сахнаға тәй-тәй басқан жас әншінің концертінде ине шаншыр орын болмады. Ал, жуырда Рахым елордаға жол тартпақ. Оған себеп болған «Мен қазақпын» атты концерті. Кеш 11 шілдеге жоспарланған. Айта кетейік, Қуандық эстралық әндерімен танылса да, негізі дәстүрлі әнші. Сондықтан, аталмыш күні сіздер сүйікті өнерпаздарыңызды әр-түрлі қырларынан көресіздер. Ендеше, сәттілік Қуандық. Өнерің өрге жүзсін.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар