Талай қыздардан құралған топтар тарап кетіп жатқанда, шоу-бизнесте жаңа есім пайда болды. Таныс болыңыздар, бұл «Әдемі-ай» дуэті. Олар осыдан 1 жыл бұрын құрылған.

"Басында біз жеке-жеке ән орындайтынбыз. Әкеміздің ұсынысымен топ құрылды «Әдему-ай» деп. Басында атын таппадық. Қалай қояды екенбіз деп. Әсем екеуміз ойластырып, «Әдемі-ай» деп қойдық".


Енді ғана тәй-тәй басқан қыздар тіпті гастрольдік сапарға да шығып үлгерді.
"Алматыға келе сала гастрольдік сапарға шығып кеттік. Белгілі әзіл-ысқақшы Нұржан Төлендиев ағамызбен. Алдараспан театрымен бүкіл қалаларды аралап кедік. Артынша, режиссермен ақылдаса тұңғыш бейнебаянымызды түсірдік".

«Алма ағашынан алыс түспейді»,- демекші олардың қолдауы мен үлгі тұтар адамы-әкелері.
"Біздің әкеміз өнер саласында білім алған. Елімізге белгілі талай сахна саңлақтарымен білім алып, дегенмен кейін өнерден алшақ кетіп қалған жеке кәсіп қуып. Ол кісінің арманы мен жетпеген мақсатқа қос қарлығашым жетсе екен деген арман".

Алғашқы жұмыстарын олар өздеріне арнады.
"Алғашқы бейнебаян болғандықтан, әннің атауы да «Әдемі-ай мен бірге» деп аталады. Сондықтан, бейнебаян өзіміз жайлы. Сюжет емес, трэковый тұрғыда түсірілді. Өзімізді таныстырдық".

Айтпақшы, бүгінде Әсем мен Әсел әншілікпен қоса актерлық өнерлерімен танылуда.
"Қазіргі таңда біз Әсем екеуміз телесериалға түсіп жатырмыз. Бейнебаянның арты жақсылыққа ұласып жатыр. Келе сала үлкен жобаларға шақырту алдық".

Актерлық мамандықты оқымаса да, өнерлерінің бар екеніне сенімді.

"Менің негізгі мамандығым музыкалық білім алғанмын. Бірақ, кішкентай кезімнен әнші мен актриса болуды армандадым. Теледидарға қарап соның рөлін ойнап жүретінмін. Ол жағынан білім болмаса да, таныспын десек болады".

Айтпақшы, бейнебаянның астында көбісі оларды егіздер деп пікір қалдыруда. Жо-жоқ, қыздар апалы-сіңлі әншілер. Ендеше, бір отбасынан шыққан қыздарға Той Думан арнасы тек сәттілік тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар