Әндерімен талай әншілерді хитке айналдырған Ғазизхан Шекербеков сазгер ретінде ғана емес, әнші болып та танылып үлгерген. Кезінде Қайрат Нұртаспен бір сахнада ән салған Ғазизхан, бүгінде «еркекпін мен» деп тұрып, жалғыз өнерін шыңдауда. Дәл сол әннің атауымен ол гастрольдік сапарға дайындалуда. Әнсапар Батыс Қазақстаннан бастау алмақ. Нақтырақ айтсақ, әнші 19 мамырдан бастап, Ақтөбе облысын аралайды. Содан соң, әнші Оңтүстік Қазақстанға жол тартады. Иә, иә осы ай Шекербеков тыңдармандарына жақсы көңіл-күй сыйлап, әсем әндерімен жұртты тамсандырмақ. Қазірдің өзінде әншінің инстаграм парақшасында жан-жақтан жиналған тыңдармандары өз ауылдарына шақырып жатыр. Ендеше, қапы қалмаңыздар. Ғазизхан сіздерді күтеді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар