2010 жылы қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады. Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев дүниеден озды. Тума талант сахнада көптеген айтулы рөлдерді сомдап, халықтың қошеметіне бөленген. Әрі Құдайберген мырза «Тамаша» ойын-сауық отауының негізін қалаушылар қатарынан табылып, сатира жанрының дамуына үлкен үлесін қосты. Бірақ, өзі өмірден өтсе де, халық сүйікті актерін ұмытпайды. Сондықтан, жыл сайын Құдайберен Сұлтанбаевты еске алу кештері ұйымдастырылады. Осы жылы да, «Тамашаның Құдайбергені» атты концерт жоспарлануда. Кеш 10 маусымда өткізілмек. Аталмыш күні Асанәлі Әшімов, Лидия Кәденова, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Болат Әбділманов және басқа да өнерпаздар қатысады. Сан қырлы талант иесінің құрметіне ұйымдастырылып жатқан кештен қапы қалмаңыздар. Елімізге, өнерге үлкен еңбегін сіңірген Құдайберген Сұлтанбаев мәңгі ел жүрегінде.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар