Күні кеше арнамыздан Тоқтар Серіковтің шәкірті Елжас Оспанның «Қоштаспай-ақ кетейік» атты бейнебаянының тұсауы кесілді. Алайда, халық бірден жас әншіні сынға алып, Тоқтар мырзаның тағы бір шәкірті Қанат Үмбетпен салыстырды.
Тоқтар Серіков пен Елжас Оспан:
«Елжас Оспан шәкіртімнің «Қоштаспай-ақ кетейік» деген әдемі әні таласқа түсіп жатыр. Бұл таласқа түсетіндей жөні бар. Себебі екеуінің де авторы бір адам Дәурен Сердалиев деген жігіт. Орындаушылар енді екеуі де менің шәкіртім. Олардың үңдестіктері мүмкін ұқса».

Бірақ, Тоқтар Серіков мұндай сынды қабылдап, тіпті қырағы көзді халыққа алғысын білдірді.
«Сіздердің телеарналарыңыз арқылы мен сол халыққа, елге сыншы болып жатқан алғысымды айтуға келдім. Себебі қазақта сөз бар, сын болмай, мін түзелмейді. Бұлар менің сонымнан келе жатқаннан кейін менің де кінәм шығар осы шәкірттерімнің көбісінің маған үндері ұқсас болады, жүрген жүрісі».


Нақтырақ айтсақ, халық жаңа әнді Қанаттың бағын жандырған «Сезімді қайтейін» әнімен ұқсастыруда. Бірақ, ол әннің бірінші орындаушысы Үмбет емес екен.
«Жаңағы «Сезімді қайтейін» әнімен шатастырып жатыр ғой ел. Сол әннің негізгі орындаушысы Елжас. Оранжировкасын жасап, клип түсірейін деп жатқан кезде, Қанат ағасы қызығып қолқа салған».


Қолқа салған Қанатқа Елжас бірден жолын берді. Бірақ, енді Тоқтар мырза туындыларға мұқият қарайтын болады.
«Мен бұдан кейін әндерді мұқият қараймын. Оның арнайы жеке продюсері бар. Мен ұстазымын. Ал, продюсері бөлек Айдын Смағұлов деген жігіт».


Продюсері болмаса да, Серіков мырза шәкіртінің шығармалышығына көп көңіл бөледі.
«Негізі мен әндерге қараймын. Ұнамаған әнді бірден айтып тастаймын айтпайсын керегі жоқ. Кейде маған қарамай, олар сатып та алады. Сазгерлер ренжімесін айтамын айтпай-ақ қой, мына ән сенің әнін емес».


Ал, жуырда Елжас мүлдем өзгеше әнге бейнебаян түсірмек.
«Алла бұйыртса екінші әнге клип түсірейін деп жатырмыз. Ол енді ырғақты ән. Стилі қалай айтсам болады, турецкий әндерге келеді».


Тоқтар мырзаның да шығармашылығында жаңалықтар жоқ емес.
«Жердің көктегенін күткенбіз. Жақсы бір әннің тұсауы кесілгелі тұр. Өте бір мықты сазгердің әні. Менің түк қатысым жоқ. Сазгер де, ақын да бөлек. Әйтпесе, көп әнді мен өзім жазамын. Өз әнімнің бағы жана берсін десем істейтін едім. Мықты әнге ғашық болдым. Сол әнді алып, қазір Бейбіт екеуміз дайындық үстіндеміз».


Ендеше, Тоқтар Серіковтей ұстаздан тәлім алған Елжас Оспанға елдің есінде қалар есті әндерің көп болсын демекпіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар