Сүйінші! Кезінде талай хиттерді орындаған «Нұрлан мен Мұрат» тобы жаңа туындысын жарыққа шығармақ. Осыдан 3 жыл бұрын қайта қосылған топ «Айна» атты әнге бейнебаян түсірді. Түсірілім Ақтауда өтті. Айта кетейік, бұл Нұрлан мен Мұраттың 10 жылдан кейін алғашқы бейнеклипті. Топ «Айна» әнін таңдаса да, әрине хит әндерін халық ешқашан ұмытпайды. Сондықтан, Нұрлан мен Мұрат оларды жаңартты. Сонымен қатар, жаңа әндер де жазылу үстінде. Алдағы уақытта олар гастрольдік сапарға шықпақ. Қай өңірден бастайтындары әлі белгісіз болса да, топтың мүшесі Мұрат Қожаның айтуы бойынша ән сапар күзге жоспарлануда. Айтпақшы, су жаңа туынды бүгінде монтаждалу үстінде. Алдағы 2 аптаның көлемінде сіздер бағасын бере аласыздар. Ендеше, қүтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар