Рысбек Аташ пен Медет Көжекпаев қайта топ болып қосылады деп ел күтіп жүрсе, екеуі де жеке бейнебаяндарын түсіріп жарысуда. Жуырда, Медет алғашқы жеке бейнеклипінің тұсауын кессе, Рысбек екінші туындысын жарыққа шығарды.

Әншінің тырнақалды жұмысы баяу әнге түсірілген болатын. Ал, мына ырғақты әнді Аташ жалғыз таңдамапты.
Рысбек Аташ, әнші:
«Өзіме де бұл ән жақсы ұнайды негізінде. Бірақ, енді өз әнім болғаннан кейін, қайссына түсірерін білмейсін. Анау да ұнап тұрады, мынау да. Сөйтіп енді сыртқөз сыншыл болады. Сол себепті, бауырларым бар, інілерім, достарым бар өнердегі. Ақылдасып отырғанда, басым көпшілігі осы әнді ұнатқан болды. Сосын осы әнге түсірдік».


«Ойымда сен» деп әндетіп жүрген Рысбек оны біреуге арнапты.
«Ойымда өзімнің сүйіктім жүр. Барлығының да ойында сүйіктісі жүретін шығар. Менің де ойымда сүйіктім жүр».


Ән сүйіктісіне арналса да, бейнебаянға басқа ару түсті.
«Ойымда сен» атты әнге қыз Оралдан келіп түсті. Аты Айдана екен. Арнайы осы бейнебаян үшін кастинг жарияланған болатын. Оралдың қызы өтіп кастингтен, режиссер таңдап, Оралдан ұшып келді арнайы».


Жеке ән айтуға талпынған әнші, келесі туындысын дуэтте айтпақ.
«Ақтауда менің Қуаныш Назаров деген досым бар. «Айлық түскенді қайдан білейін» дегенмен танымал болған интернет жұлдыз. Сол балаға өтініш білдіріп, маған ән шығарып берші деп. Сөйтіп, «Екі ғашық» деген әнді шығарып берген болатын. Әнді тыңдап, ұнатқан болатынмын. Сөйтіп, оны бір қызбен айту керек болды».


«Бір қыз» бүгінде таңдалып та қойған.
«Кім қызбен айтамын деп жүрген кезде, енді қазіргі таңда жас шығып келе жатқан әншілерден назарыма түскен Дана Кентай болды. Продюсері де досым Ақылбек Досжанов деген. Сол кісімен байланысып отырып шешім қабылдадық дуэт жазатын болып. Әнді бітірдік. Интернет жүйелеріне жібердік. Енді бейнебаян түсіргелі жатырмыз».


Ал, қаржы мәселесіне келгенде Рысбек пен Дана мынадай шешімге келді.
«Қаржы жағын бөліп жасап отырмыз Ақылбек екеуміз. Ол жартысын, мен жартысын. Солай ыңғайлы ғой негізінде».


Ендеше, Рысбек Аташтың «Ойымда сен» атты туындысын тыңдап, су жаңа дүниесін күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар