7-ші Халықаралық Spirit of Tengri 2018 заманауы этникалық музыка фестиваліне санаулы күндер қалды. Ашық аспан астында өтетін концерт 2-3 маусымда, Республика сарайы алдында, Абай атындағы алаңда өткізілмек. Биыл фестиваль өзбекстандық Abbos тобының өнер көрсетуінен басталады. Ал, екінші күнді ашу құрметі қазақстандық Алдаспан этно-рок тобына бұйырыпты. Әрине, аталмыш күні алматылықтар әр түрлі елдерден келген ethnoworld –ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бүгінде екі күнге созылатын шоу қатысушыларының тізімі анықталды. Олар Қазақстанға Франция, Израиль, Испания, Австралия, Нигер Республикасы, Буркино-Фасо, Өзбекстан және басқа да елдерден ат басын тіремек. Ұйымдастырушылар фестивальдің отбасылық атмосферада өтетінін айтып өтті. Сонымен қатар, көрме мен этникалық мастерлер қалашығынан киім-кешек, музыкалық аспаптар мен қолдан жасалған базарлық сатып алуға мүмкіндік болады. Ал, шараның басты сыйлығы ретінде The Spirit of Tengri 2017 жылғы ең үздік орындаулар мен видеонұсқалардың таныстырылымы өтеді. Айта кетейік, Spirit of Tengri елімізде бастау алған әлемдегі ең сапалы әрі маңызды жобалардың бірі. Ендеше, асығыңыздар. Концерт сағат 17-00 де басталады.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар