«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі еліміздегі ең ерекше топтардың бірі. Міне, олардың сахнада жүргендеріне 10 жыл толды. Осыған орай, олар көптеген жоспар құруда.
Тұран тобы:
«Бұйыртса көптеген жаңалықтарымыз бар. Бейнебаян түсірсек деп отырмыз. 10 жылдығымызға қарсы үлкен концерт берсек деп отырмыз. Алдағы уақытта өзіміздің күйтабағымызды шығарсақ деп отырмыз. Жоспар көп. Шетелге көптеген сапарлар бар, концерттер бар».


10 жылда топтың стилі өзгермесе де, құрамы жаңартылды.
«10 жылда құрам бір рет өзгерді. Ең басында 4 жыл бізбен Қорлан есімді қыз болған. Жетігенде ойнаған. Кейннен қатарымызға Ержігіт қосылды».


Тұран тобы тек елімізде ғана емес, әлем бойынша гастрольдік турды бастамақ.
«Осы жыл бізге мерейтойлық жыл болғандықтан, біз үлкен бірнеше концертпен елді қуантқымыз келіп отыр. Тек Қазақстан емес, бүкіл әлем бойынша. Демек гастроліміз маусым айынан басталады және де келісі жылдың мысалы наурыз, сәуіріне дейін жүреді деген жоспарымыз бар».


Топта шынымен де өзгерістер көп екен. Тіпті, олар шығармашылық деген үлкен теңізде енді жеке кемемен жүзбек.
«Осы мамыр айының соңында Тұран ансамблі өзінің продюсерлік орталығынан кетейін деп жатыр. Яғни, уақытымыз бітті. 5 жылдай жұмыс істедік. Енді Тұранды өз қолымызға алмақшымыз».


Гастрольдік сапардың басты мақсаты Венгрияға бару. Өйткені...
«Жалпы түркі тілдес елдерінің үлкен құрылтайы өтеді. Венгрия жерінде, Мажар жерінде. Жыл сайын 250000 адам жинайтын «Тұран» атты құрылтай. Сол жерде 10 жылдығымызды тойлатып, концертімізді қоймақшымыз».


Ендеше, Той Думан арнасы Тұран этно-фольклорлық ансамлін құттықтай отыра, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер дейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар