Астаналық әншілердің қатары көбеюде. Майра Іліясова, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Индира Расылхан, Алмас Кішкенбаев, Қайрат Нұртас және тағы басқалары бүгінде елорданың тұрақты тұрғындары. Енді міне, осы тізімге Лұқпан Жолдасов қосылды. Лұқпан мырзаны бірінші болып Абай Бегей құттықтауда. Алайда, Жолдасов мырза әлі қоныс тойын өткізбеді. Айтпақшы, Алатау бөктерінде әнші-композтор 21 жыл тұрыпты. Әрине, осы уақыт аралығында Алматының өнер ордасына айналуына Жолдасов мырза үлкен үлесін қосты. «50 жылда ел жаңа»,- демекші міне ол енді 20 жасқа толған Астананың шығармашылығын өз музыкасымен қолдамақ. Сонымен қатар, Лұқпан мырзаның өнерде жүргеніне 35 жыл болыпты. Сондықтан, ол тыңдармандарына тосын-сый дайындауда. Бірақ, әзірге бұл құпия. Сондықтан, күтіңіздер. Ендеше, астаналықтардың қатарына қосылған Лұқпан Жолдасовты Той Думан арнасы құттықтайды.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар