Осы жылдың ақпан айында Алтынбек Қоразбаев Алматыда «Алтын күзім, армысың» атты мерейтойлық шығармашылық кешін өткізген болатын. Алтынбек мырза Республика сарайында 21-ші рет концертін ұйымдастырғанымен, халық баяғыдай қол шапалақтап, есті әндерді бірге шырқады.

Қыстың ортасында концерттің атауын күзбен байланыстырған Қоразбаев мырза 70 жасын дәл осы мезгілге теңеп, жеміс-жидек жинайтын кез келді деп түсіндіріп өтті. Енді міне, ол «Сәлем саған, Астана» атты елордамыздың 20 жылдығына орай концерт жоспарлауда. Кеш 7 маусымда, Қазақстан ОКЗ-да өтеді. Аталмыш күні Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, «Музарт» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Ернар Айдар, Қыдырәлі мен Қарақат және тағы да басқалары өнерлерін паш етпек. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар