Жуырда Халықаралық бокс федерациясының (IBF) басшылығы ұйым чемпионы Геннадий Головкин мен титулға үміткер Сергей Деревянченко арасында жекпе-жек өткізуді міндеттеді. Алайда, титулды қорғау мерзімі кейінге шегерілген болатын. Енді отандасымыз Деревянченкомен 3 тамызға дейін бокс алаңында қарсыласымен кездесу керек. Ал, кездесу өткізбесе, Головкин IBF чемпионы атағынан айырылады. Осыдан бірнеше күн бұрын чемпиондық белбеуді қарсы қорғауға міндеттеу жөніндегі тыңдау өтті. Енді, шешім келесе аптада қабылданады. Айтпақшы, бүгінде Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Golden Boy Promotions компаниясымен Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы келіссөз жүргізіде. Сонымен қатар, Канело Головкиннің командасы қойған шарттарды орындап, «Таза» бокс бағдарламасына қайтып келді. Спортшылардың реваншы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. Шешім толық қабылданған соң, біз міндетті түрде ескертеміз. Ендеше, арна қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар