Отандық арналардың бірінде Мейрамбек Беспаев қазылар алқасында отырып, өнер көрсеткен Әбдіжаппар Әлқожаға жағымсыз пікір айтты. Әбдіжаппар сол кезеңде халық әні «Зибаш-айды» орындаған болатын. Ал, Мейрамбек мырза өз тарапынан «құдалыққа барғандай болдым, екі бауырымыз да қатырған жоқ» деп тіл қатты. Бауырымыз дегені Жолдасбек Әбдіханов. Әрине, сын қабылданды, бағдарлама өз мәресіне жетіп, барлығы өз жолымен кетті. Бірақ, жуырда Әлқожа инстаграм парақшасында Беспаев мырзаға арнап пост жазды. Онда: «Дайындығым аз болғаны үшін,осындай мықты бағдарламаға еркелікпен,Барымды көрсете алмағаным үшін кешірім сұраймын»,-деп қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді. Ал, әншінің әпкесі, өнер жолында бастапқыдан сүйеніші болған Роза Әлқожа бұл жағдайға көз жұма қарай алмады. Роза ханым Facebook парақшасы арқылы бұл әділетсіздік деп пікір білдірді. Сонымен қатар, «қойылған дауыс, мықты демеуші, сәл-сәл арсыздық, азырақ қулық» талап ететін бәйгеге ешқашан қатыспайтынын айтып, жанды дауыста айта алмайтындардың баға беріп отырғандарын сынап тастады. Шыныменде бұл келеңсіз жағдай Роза ханымның жүрегіне қатты батты. Ал, Мейрамбек Беспаев әлі де жауап қайтарған жоқ. Бұл даудың басы ғана. Мейрамбек мырза жауап қатар ма екен?! Оны болашақтың еншісіне қояйық. Бұл оқиғаны Той Думан арнасы жіті назарда ұстайтын болады. Сондықтан арна қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар