Аспанда қанша жұлдыз бар болса, шоу-бизнес деген қазанда қайнап жүрген әншілердің саны да аз емес. Иә, бүгінде талабы мол өнерпаздарға жол ашық. Ал, өнер жолын таңдайтындардың тізімі күннен күнге артуда. Ендеше, таныс болыңыздар, өнер ордасында жаңа есім- Самат Жанғазин.
Самат Жанғазин, әнші:
«Бейнебаян алғашқы жұмысымыз «Ламбада» деп аталады. Әнге табиғатына сай болсын деп Тайланд еліне барып түсіріп келдік. Халықтың көңілінен шығатын сияқты, жақсы бағаларын беріп жатыр».


Алайда, жақсы бағамен қоса жұрт жағымсыз пікірлер де қалдыруда. Мысалы, біреулер әнді плагиат дейді екен. Осыған не айтасыз, Самат?
«Плагиат деп «Ламбада» деп орыстар шықты ғой жаңағы. Кім еді? Скриптонит деп. Оған мүлдем қатысы жоқ. Өзіміздің әніміз. Ұрланбаған».


Сахна енді ғана қадам басып келе жатқанымен, жас әнші көп уақытын дайындықпен өткізген.
«Темірбек Жүргенов атындағы эстрада-вокалдық мамандығында оқыдым. Өз уақытымен, дайындықпен келе жатыр. Жолдан қосыла салған жоқпын. Арнайы білім алып, нота оқып деген сияқты. Аспап үйреніп, дауыс, постановқа қойып шығып келе жатқан жәйым бар».


Ал, жуырда Жанғазин жұмыс бабымен қайтадан шетелге барып қайтыпты.
«Жуырда көңілді ән жаздық «Бұл әнімді айта» деп аталады. Сол әнге бейнебаян түсіріп келдік шет мемлекетте. Елге көргенге қызық болсын, сол жағынан».


2 бейнеклип те елімізден тыс жерлерде түсірілді. Бірақ, әншінің продюсері де жоқ. Әлде, көмектесіп жатқан «көкелері» бар ма екен...
«Жоқ, өзіміздің күшімізбен түсіріп жатырмыз. Бір спонсор, ондай ештенке жоқ. Өзіміздің жинаған-тергенімізбен қолымыздан келгенше түсіріп жатырмыз. Енді өзгеше болсын деген ойымыз ғой шет мемлекетте түсіргеніміз».


Ендеше, талабына нұр жаусын, Самат. Алдағы уақытта сапалы туындыларыңмен халықты қуанта бер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар