Бір әнімен танымал болып кеткен әншілердің тізіміне Руфат Маратұлы атты жас әнші қосылды. Ғаламторда хитке айналған «Алма қыз» әніне ол осыдан жарты жыл бұрын бейнебаян түсірген болатын. Иә, әннің таңдауымен ол қателеспеді.
Руфат Маратұлы, әнші:
«Алма қызға» дейін да әндерім бар еді. Сосын «Алма қызға» сұраныс көп болғаннан кейін, осыған түсіру керек болды».


Алайда, бұл туынды тек бізде емес, Түркия елінде де сұранысқа ие сияқты...

Плагиат болғанымен, әнші рұқсатын алыпты.
«Негізінде өзім түріктің әндерін ұнатамын. Сосын түріктің әнінен қарап, рұқсатын алып Гучи Ергүл деген әпкемізден рұқсатын алып, сөзін Нұржан Өмірбаев деген бауырымыз жазды».


Десе де, аз уақыттың ішінде Руфат біраз нәтиже көрсетті.
«Творчествоға дұрыс кіріскенім осы 6 айдың көлемінде болды ғой. 6 айдың көлемінде 4 клипім и 10 шақты әнім».


Жұмысының жемісі мына 4 бейнебаян.
«Бірінші клипім «Алма қыз». Екінші «Жақындатайын аспанға» деген әнім, үшіншісі «Көшеде» деген әніміз. Төртінші клипім «Екеуміз».


Айтпақшы, соңғысы, нақтырақ айтсақ « Екеуміз» туындысы күні кеше арнамыздан жарыққа шықты.
«Толықтай айтып берсем, тауда түсірілді көбісі. Содан Ботанический сад тың ішінде түсірілді. Енді көріп бағасын бере жатарсыздар Алла қаласа».


«Шудыі бойында»әнінің орындаушысы Ахан Отыншиев сияқты Маратұлы жуырда «Алма қыз-2» атты әнге бейнеклип түсірмек.
«Алма қыз-2» түсірейін деп жатырмыз. Келесі айларда көре жатарсыздар. Әні шығып қойды, Самал Ермахандікі. Сөзін күтіп жатырмыз. Сөзін Нұржан ініме беріп қойғанмын, Нұржан Өмірбаев деген «Алма қызды» жазған бауырым. Сол сөз күтудеміз».


Ендеше, Руфат Маратұлының «Екеуміз» атты бейнебаянын әлі де тамашаламаған болсаңыздар, оны арнамыздан немесе YouTube-тегі Той Думан каналынан таба аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар