Талай шәкірттер тәрбиелеп, өнерге үлкен үлесін қосқан Алтынбек Қоразбаев жетпістің белесіне шықты. «30 күн ойын, 40 күн тойын»,- демекші Алтынбек мырза Алматыда есеп беру кешін ақпан айында өткізіп, мерейтойлық концертімен елді аралауға кірісті. Жуырда ол туған өлкесі Тараз қаласындағы тыңдармандарын қуантып қайтты. Қоразбаев мырза мен қоса сахнада Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Меломен тобы, Нұрболат Абдуллин, Ернар Айдар секілді өнер көрсетті. Композитордың бұл қуанышында өнер адамдарымен қатар Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов те есте қалды. Өйткені, тура сахнаның төрінде Алтынбек мырзаға темір тұлпарды сыйға тартты. Естеріңізге сала кетейік, елордада аталмыш кеш 7 маусымда өтеді. Ендеше, қапы қалмаңыздар.Талай шәкірттер тәрбиелеп, өнерге үлкен үлесін қосқан Алтынбек Қоразбаев жетпістің белесіне шықты. «30 күн ойын, 40 күн тойын»,- демекші Алтынбек мырза Алматыда есеп беру кешін ақпан айында өткізіп, мерейтойлық концертімен елді аралауға кірісті. Жуырда ол туған өлкесі Тараз қаласындағы тыңдармандарын қуантып қайтты. Қоразбаев мырза мен қоса сахнада Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Меломен тобы, Нұрболат Абдуллин, Ернар Айдар секілді өнер көрсетті. Композитордың бұл қуанышында өнер адамдарымен қатар Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов те есте қалды. Өйткені, тура сахнаның төрінде Алтынбек мырзаға темір тұлпарды сыйға тартты. Естеріңізге сала кетейік, елордада аталмыш кеш 7 маусымда өтеді. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар