Байқасаңыздар, өнер ордасында бір-бірімен жақын араласып, тіпті жан достар болып кеткендер көп. Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин, Роза Әлқожа мен Еркін Нұржанов, Қарақат Әбілдина мен Мәдина Сәдуақасова, енді айта берсін көп. Алайда бір-бірімен арпаласып жүргендерде бар.

Жасұлан Базарбаев пен Бағлан Әбдірайымов бір-біріне жау ма, әлде бұл тек қалжын ба? Осы сұрақ көбісінің көкейінде жүр.
Жасұлан Базарбаев, әнші:
«Халық дұрыс түсінбейді, осы екеуі шындап жатыр ма, жараспайды, бірденке деп».


Ендеше, шындықты Бағланның өзі айтып өтсін.
Бағлан Әбдірайымов, әнші:
«Жасұланға келетін болсақ, ол менің достан бөлек, құрдасым.Енді құрдастардың қалжыны бқрыннан келе жатқан қалжындар. Екеуміздің әзілдесіп жүрген ойындарымыз онша емес негізінде. Ол бер жағы. Ал, енді өмірде көптеген құрдастардың әзілдері өте масқара. Сондықтан, құрдас болғаннан кейін көтере білу керек».


Бұл ойынды Жасұлан бастамапты.
«Ең бірінші бастаған негізі Бағлан. Ол бір сурет салып, осыдан 1,5 жыл бұрын ғой. Бірдене деп жазды. Сосын мен айттым досым маған тиіспеші, мен кейде өзім уыма уланып қаламын, аямаймын деп едім. Сөйтсем, қолыннан келгенін істе деді. Жарайды дедім енді».


Міне, енді екі доста қолдарынан келгенше қалжындасып жүр. Алайда, ең бастысы-олар бір-бірлерін ренжітпеуге тырысады.
«Бағлан екеуміз инстаграмға бірдене салған кезде, ақылдасамыз. Досым, мынаны саламын қарашы анайы емес па? Бір жеріне тиіп кетпейді ме? Немесе бір жерде әңгімелесіп отырып мынаны саламын қазір деп ақылдасып барып саламыз. Ол барлығы әзіл екені түсінікті ғой деп ойлаймын».


Жуырда жәй өмірдегі қалжын Бағлан мен Жасұланның өнеріне де қатысты болып қалуы мүмкін. Дұрыс па, Жасұлан?
«Басында біз шынайы ойнадық. Шынайы құрдастық қалжын болды. Бірақ, бұның соңы...Мя мен айтып қояйын деп тұрмын. Айтпаймын короче, бұның соңы бар негізі».


Айтпасаңыз, жарайды. Оны құрдасыңыз Бағлан айтып берер.
«Нақты айта алмаймын. Мүмкін. Мысалы, ол маған киноға түсейік деп жүр. Бірақ, кекетеді сенен дым шықпайды, қатып қалсын деп. Оның өзінің көзқарасы ғой, режиссерлар қалай қарайтынын».


«Тілі – басымен құрдас, Қалжыңдаспай тұрмас»,- дейді атам қазақ. Ендеше, ары қарай не болады екенін күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар