«Мөлдір Әуелбекова 600000 теңгеге бокс қолғабын сатып алды» деген мәлімет ғаламторда бірден тарап кетті. Иә, Мөлдір шынымен де “Astana Arlans” командасының спортшысы Асланбек Шымбергеновтің қолбағын айтылған бағаға алды. Көпшілікті таңқалдырған оқиға Ақтау қаласында бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталуының аясында болды. Алайда, халық бұл жағдайды дұрыс түсінбеген секілді. Өйткені «қаражатты одан да мұқтаж адамдарға бергені абзал болар еді» деп пікірлер білдіруде. Сондықтан, көбінесе ондай ақпараттарға мән бермейтін Әуелбекова бұл жолы өзі жауап берді. Мөлдірдің қолғапты сатып алуының себебі – қайырымдылық. Матч соңында аукцион ұйымдастырылып, “Astana Arlans” спортшыларының қолғаптары сатылымға қойылды. Иә, осы шарадан 7 миллион теңге ақша түсті. Одан түскен сомма науқас балалардың еміне жұмсалады. Ендеше, игі істер жасап жарысыңыздар. Мөлдірге Той Думан арнасы жарайсын дейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар