1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бота Бейсенова республикалық «Ботақан» атты фестиваль өткізді. Жыл бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты балаларды іздеген Бота ханым шараны сол бүлдіршіндермен ашты.

Сахнада Бота Бейсеновамен ән салып тұрған балалар түрлі байқаулардың жеңімпаздары.
Бота Бейсенова, әнші:
«Биылғы өтіп жатқан фестиваліміз 3 Республикалық Бота Бейсенованың әндерінен өтіп жатқан «Ботақан» атты фестиваль. Өте қуаныштымыз. Республикамыздың түкпір-түкпірінен балалар келіп жатыр. Біздің фестивальға жәй балалар қатыса алмайды. Өздерінің өңірлерінде түрлі байқаулардан орын алған лауреаттар ғана қатыса алады».


Әрине, балалар мерекесі болған соң, аталмыш күні ешқандай сайыс болмады.
«Бұл мереке. Фестиваль болғанымен, мереке. Бұл жерде байқау емес. Балалар ән орындайды да, демалып осы жерде, түрлі аниматорлар, сыйлықтар бар дайындаған. Сол марапаттарға ие болады. Сонымен қатар менің арнайы статуэткам бар Бота Бейсенова деген ойылған жазумен. Сондай статуэтка алатын болады балалар. 100-ген балалар қатысып жатыр бүкіл Қазақстаннан».


Ал, қатысушылар бір-бірімен тез тіл табысып, тіпті дос та болып кетті.

«Сәлем. Бүгін Бота Бейсенованың үшінші фестивалі өтіп жатыр. Бізді Бота Бейсеноваға үлкен рахмет айтамыз. Бота Бейсенованың фестиваліне жан-жақтан балалар келіп жатыр, Тараздан, Ақтаудан. Біз барлығымыз танысып, дос болып жатырмыз. Бота Бейсеноваға үлкен рахмет айтамыз».


Ендеше, Бота ханым Той Думан арнасының бүкіл кішкентай көрермендерін құттықтайды.
«Ал, мінекей 1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын. Балапандарымыз аман болсын, ауырмасын, жыламасын. Ғұмырлары ұзақ болсын. Бізді тек қана игі істерімен қуанта берсін».


«Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар»,-демекші тек қана қуаныш сыйлайтын бүлдіршіндеріміз аман болсын. Мереке құтты болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар