Сүйінші!!! Күні кеше МузАрт тобының солисті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, балалардың сүйікті ағайы Сәкен Майғазиев төртінші рет әке атанды. Мұндай ақпаратты Сәкен мырза өзінің инстаграм парақшасы арқылы хабарлады. Музарттық әншінің жары Динара дүниеге қыз баланы әкелді. Қазір жаңа туған нәресте де, бақытты ана да перзентханада. Естеріңізге сала кетейік, Майғазиев мырзаның Әділет, Раяна, Марям есімді балалары бар. Енді міне, тағы бір арумен толықты. Әнші төртінші сәбиінің атын кім деп қойғанын бірер күнде біліп, назарларыңызға ұсынатын боламыз. Сондықтан, Той Думан арнасы қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар