Жуырда арнамыздың қоржыны тағы бір клиппен толықты. Мінекей, қасиетті Рамазан айында Қуат пен Қуаныш «Шүкір де» атты әнге таспаланған алғашқы бейнеклиптің тұсауын кесті.
Қуат Әбілов пен Қуаныш Кеңес, дуэт:
«Сәлем. Менің есімім Қуаныш Кеңесов, Сағыз құрамасының ойыншысы. КВН-нен бөлек ән айтамын. Жақында өнердегі, өмірдегі ағам Қуат екеуміз жаңа туындылар жаздық. Қуат Әбілов композитор, өзі ән шығарады, сөз шығарады».


Аталмыш туындыны жазған Қуаттың өзі.
«Ән менің өзіме жазылған. Сөзі ақын Оразбек Қиылбековке жазылған. Енді осы әнге бейнебаян түсірдік оразаға байланысты. Және де тәрбиелік мәні болған соң, таңдап осы әнге түсірдік».


Айтпақшы, Қуанышты таныған боларсыздар? Ол «Сағыз» КТА командасының мүшесі.
«Негізі көбісі ойлайды КВН ойнап жүріп ән айтып кеттін ба деп. Негізі КВН-нен бұрын ән айтып жүрген тұғын. Қазір барынша КВН мен әнді бірге алып жүруге тырысып жүрмын».


Бүгінде Қуат пен Қуаныш дуэт ретінде алғашқы қадамдарын басты. Алайда, алдағы уақытта жоспар өзгеруі де мүмкін.
«Алғашқы қадам десек те болады. Бірақ енді дуэт болғанда, топтың атын қойып ештене жасаған жоқпыз. Жеке-жеке өзіміз Қуаныш Кеңесов, Қуат Әбілов дуэт болып ән орындап жатырмыз. Бірақ алдағы уақыттың еңшісінде барлығы, дуэт болып қалуымыз мүмкін».


«Шүкір де» атты бейнебаян еліміздегі туындылардан өзгеше. Өйткені...
«Біздің бейнебаянымыздың фишкасы, бейнебаян бір кадрдан басталады, үзілместен бір кадрмен аяқталады. Сол жағынан ұтымды. Себебі ондай клип түсірген Қазақстанда естуіміз бойынша 4-5, санаулы клиптер ғана бар екен».


Әбілов пен Кеңес өздерін жоба деп атайды. Ал, жігіттер, жобаның продюсері бар ма?
«Жобаның ...қалай болады екен?».


Айтсаңыз дұрыс болады.
«Продюсері бар жалпы. Енді бізге демеушілік білдіріп бейнебаян түсіріп жатыр. Әнге де, барлығына қолдау көрсетіп жатыр. Өзіміздің жеке спонсорымыз, продюсеріміз бар».


Ендеше, Той Думан арнасы қазақ шоубизнесіне жасаған қадамдарыңыз құтты болсын дейді. Ал, сіздер сері жігіттердің бейнеклипін әлі де көріп үлгермесеңіздер, оны арнамыздың эфирінен және YouTube-тегі Той Думан каналынан тамашалай аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар