Әртістерден құрылған «Алатау» футбол командасы Мәскеуден елге оралды. Естеріңізде болса, спортқа жақын жұлдыздар көрші елге әртістер арасындағы футболдан әлем чемпионаты Art-Football-2018-ге кеткен болатын. Жүлделі орын алмаса да, «Алатау» командасы жақсы нәтиже көрсетті. Германиялық әріптестерін отандастарымыз 6-1 есебімен жеңсе, түрік ағайындарды 2-1 көрсеткішпен ұтып, абыроймен қайтты. Алайда, футбол шараның басты мақсаты емес. Art-Football әлемдегі айтулы қайырымдылық іс-шараларының бірі. Өйткені, жиналған ақша науқас сәбилердің еміне жұмсалады. Айта кетейік, бұл жолы еліміздің абыройын қорғауға команда капитаны Мұқасан Шахзадаев, Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жанай, Абдулкәрім Кәрімов, Мелс Сағатұлы, Рысбек Аташ, Ербол Нариманұлы, Азамат Сыздықов, Райым Уайс, Жұбаныш Жексенұлы, Аян Бірбаев, Әділжан Умаров, Арман Қоңырбаев секілді азаматтар барды. Ал, алдынғы жылы біздің құрама жеңімпаз атанған болатын. Ендеше, мұнаймаңыздар. Алда әлі талай жеңістер күтіп тұр.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар