Осыдан біраз уақыт бұрын Әбдіжаппар Әлқожа жуырда телехикая түсіремін деп тіл қатқан болатын. Жо-жоқ, кәдімгідей телехикая емес, бір-бірін толықтыратын бейнебаяндар топтамасын. Міне, тыңдармандарына берген уәдесінде Әбдіжаппар тұрды.

Айтпақшы, ол 4 бейнеклипіне түсетін аруға кастинг жариялаған болатын. Ең басты талабының бірі актриса биге жақын болу тиіс еді. Ал, таңдалған Ақжан Бересова тіпті бір саладан болып шықты. Ол тойларда ән салып, би билейді.

Телехикаяның алғашқы сериясы «Не істедім?» атты әнге түсірілді. Жуырда ол жарыққа шығады.

Ендеше, Әбдіжаппар Әлқожа не істегенін білгілеріңіз келсе, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар