4-маусым қазақ елі үшін айтулы күн. Өйткені аталмыш күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Рәміздердің 26 жылдығына орай Халық Арена мұз сарайында үлкен шара ұйымдастырылды. Әншілер ән салып, халыққа жақсы көңіл-күй сыйлады. Алайда, Алтынай Жорабаева келеңсіз оқиғаға тап болды. Әншінің сахнадаға өнері өз-өзіне ұнамады. Оған себеп болған- дирижёр Қанат Ахметовтің дирижёрлауымен, үрмелі-аспаптар оркестрімен үйлеспеуі. Айта кетейік, Алтынай ханым Алматыға қона салып, бірден дайындыққа жол тартты. Дыбыс үндестілігіне ескерту жасап, әнші өз талаптарын оркестірге түсіндірген болатын. Алайда, тура сахнада сол қате қайтадан орын алды. «Астана» әнін орындаған Жорабаева ханым оркестірдің жылдамдығына шыдамай, әнді тоқтатып, басынан орындауын сұрады. Бірақ, ештеңе өзгермеді дейді әнші. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін, Алтынай ханым өз инстаграм парақшасы арқылы халқынан кешірім сұрады. Әрине, кез-келген жағдай болады. Оны түсінген әншінің оқырмандары жақсы пікірлерін қалдырып, қолдауларын білдірді. Алайда, кейбіреулері Алтынай ханымды сөгіп, дайындық дұрыс болмады деп жазба қалдыруда. Қате қай жақтан кеткені әрине белгісіз, оны қырағы көзді халықтың өзі шеше жатар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар