Аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына 50 жыл толды. осыған орай, олар есеп беру кешін өткізбек. «50 жыл бірге» деп аталатын концерт Астана қаласында, 24 маусымға жоспарланған. Сондықтан, аталмыш күні Қазақстан орталық концерт залына асығыңыздар. Айта кетейік, топ электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндерін кеңінен таратты. Сонымен қатар, олардың әр әні шынымен де хит болды. Ал, ансамбльдің шығарған «Той жыры» әнісіз әлі де бір той өтпейді. Ендеше, есті әндер орындалатын кештен қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар